search
+7 747 094 95 96

Almaty, 129/4 Abisha Kekilbayuly street

Almaty, md. Nurly Tau, 100/1 Zhuldyz street

Schedule of work: MON-FRI 8:30 - 17:00

pic
«Қысқы математикалық ойындар 2020»турнирі
pic

 «Қысқы математикалық ойындар 2020»турнирі

туралы ақпараттық хат

 

«Тамос Эдьюкейшн физика-математикалық мектеп» БМ 2020 жылы ақпан айының 15,16 күндері 4-7 сынып оқушылары арасында дәстүрге айналған «Қысқы математикалық ойындар 2020» турнирін өткізеді. Турнир командалық сайыс болып табылады, оның мақсаты – оқушыларды шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Турнир негізінен математикалық ойындардан тұрады, күрделі математикалық тапсырмаларды шығаруда оқушылар бір-бірімен топ болып, бір-бірінің ойын жетілдіріп, нақты жауапты айтулары керек.

Турнирге қатысушытоп құрамы 4 - 5 сынып арасынан төрт оқушы немесе 6-7 сынып арасынан төрт оқушыдан құрылуы қажет. Топ жас ерекшеліктеріне қарай екі лигаға бөлінеді: кіші лигада - 4-5 сынып оқушылары  және жоғары лигда 6-7 сынып оқушылары.Әр мектеп әр лигаға екіден артық емес топ жібере алады, яғни бір мектептен жіберілетін топ саны төрттен аспауы керек (оқыту тіліне қарамастан).

 

Назар аударыңыз!

«Қысқы математикалық ойындар 2020» турнирі Алатау ықшам ауданы, Жұлдыз көшесі, 100/1 мекен-жайы бойынша орналасқан мектептің жаңа ғимаратында өткізіледі.

 

Турнирдің бағдарламасы:

15 ақпан    9.10-9.30 (көлікпенқамтамасызетілмегендер үшінӘбішКекілбайұлы 129/4 кету)

                    10.00-10.30   Қатысушыларды тіркеу

                    10.30-12.00 «Математикалық крестик-нолик» ойыны

                    12.00-13.00  Түскі ас

                    13.00-14.30  «Математикалық шахмат» ойыны

                    14.30-15.30  Турнирдің бірінші күнінің есептерін талқылау

                    15.30-16.00 Әбіш Кекілбайұлы 129/4 қайту (көлікпен қамтамасыз етілмегендер үшін)

16 ақпан    9.10-9.30  (көлікпен қамтамасыз етілмегендер үшін Әбіш Кекілбайұлы 129/4 кету)

10.00-11.30 «Екі капитан» ойыны

                    11.30-12.30  Түскі ас

                    12.30-14.10  «Математикалық тізбек» ойыны

                    14.10-15.00 Турнирдің екінші күнінің есептерін талқылау

                    15.00-15.Әбіш Кекілбайұлы 129/4 қайту (көлікпен қамтамасыз етілмегендер үшін)

21  ақпан   14.00     Марапаттау және турнирдің жабылуы.

Турнирге қатусы үшін Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларының  мектептерінің топтары шақырылады.  

Басқа қаладан келген қатысушылардың тұруын жіберуші тарап қамтамасыз етеді.

Турнирдің ұйымдастыру жарнасы  әр қатысушыға 1500 тг. (бұл соммаға түскі астың құны мен грамоталар т.с.с. кіреді)

Турнир үш тілде өткізіледі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде

Ойын ережелері мен өткен турнирлердің материалдарымен мектеп сайтында танысуға болады:  www.tamos-education.kz

Турнирге қатысу үшін 10 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына төмендегі үлгіде өтініш жіберу қажет.

Өтінішформасы

_________________________________________

Мектептің толық атауын көрсету

немесе топатауы

Оқушының аты-жөні

сынып

Оқыту тілі

Мұғалімінің аты-жөні және телефоны

(топ басшысы)

Ата-анасының бірінің аты-жөні және телефоны

Кіші лига (4-5 сынып)

1

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

2

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

Жоғары лига (6-7 сынып)

1

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

2

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

Ұйымдастырукомитетініңбайланыстелефондары мен электрондықмекен-жайлары:

Тарасова Ирина Викторовна  8 701 738 96 18  iv_tarasova@mail.ru (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін)

Тұңғышбай Мейірбек Тағайбекұлы  8 707 210 40 05  tmeiirbek@gmail.com (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін)

Бірінші күннің ойындары

Математикалық крестики-нолики. Ережелер.

 

Математикалық крестики-нолики – бұл есеп шығарудан (топтық) командалық жарыс. Барлық есептер ойын басында беріледі. Әр есеп көлемі 5×5 тақтаның торына бекітілген. Мысалға, Например, «3- жол, 5- есеп». Математикалық кресттер-нөлдерде есепкеа алынатын көрсеткіш алынған ұпайлардың  жалпы саны болып табылады.

Есептерді шешу және ұпайларды санау. Есептерді кез келген ретпен шешуге болады. Әр есепті тек бір рет қана тапсыруға болады. Есептердің жауаптары бір-бірден тапсырылады. 

Егер де есеп дұрыс шешілген болса, онда сәйкес торға «крестик», ал дұрыс болмаса «нолик» қойылады.

Дұрыс шешілген есеп үшін топ шешілген есептің жанында қатар торларда «тұрған»  дұрыс шешілген есептердің санына тең ұпай, және бір ұпай қосымша (тапсырғаны үшін) алады. Егер де есеп дұрыс шешілмеген болса, ұпай саны көбеймейді де, азаймайды да. Осылайша дұрыс шешілген есеп өз торына ұпай беруімен қатар жанында қатар тұрған торларға да ұпай береді.

Мысалға, ойында мынадай жағдай туындады (х – дұрыс шешілген есеп, 0 – дұрыс емес):

х

0

x

 

 

x

 

х

 

Ортадағы есепті дұрыс шешетін болса, онда ол үшін топ 3 ұпай алады. Сол сияқты  «2-жол, 3-есеп» және «3-жол, 2-есеп»  есептеріне ұпайлар 1-ге көбейеді.

Ойынның аяқталуы.  Топтардың шешпеген есептері қалмаған жағдайда, немесе ойынға берілген уақыт біткен жағдайда ойын аяқталады.

 

«Математикалық шахмат» ойынының ережесі

Математикалық шахматтар – бұл есеп шығарудан командалық жарыс. Мұнда ұпай санын көбірек алған команда жеңіске жетеді. Барлық есеп 32: 16 «торлы» есептер және 16 «пішінді» есептер. 

Ойын барысы. Ойынның басында командаларға барлық «торлы» есептер және «1-пешка» және «2-пешка» таратылады. Пішінді есепке жауап тапсырғаннан кейін  де команда өз таңдауларымен тағы бір «пішінді» есеп ала алады.  Осылайша әр командада уақыттың әр сәтінде екі «пішінді» есеп болады.

Ойын барысында әр команда екі есептен бір уақытта өткізуі керек: бір есеп «торлы» тағы бір есеп  «пішінді».  Егер екі есептің де жауабы дұрыс болса, команда «торлы» және «пішінді» есептердің ұпай сандарын алады; егер де біреуіне ғана дұрыс жауап берілсе, осы есепке ғана ұпай алады; егер екі жауап та дұрыс болмаса нөл ұпай алады.

Есептердің бағасы.  «Пішінді» есептердің бағасы ойынның басынан аяғына дейін белгіленген («пешкалар» 2 ұпай (олар 8 дана), «аттар» (2 дана) және «пілдер» (2 дана) 3 ұпайдан, «ладьялар» (2 дана) 5 ұпайдан, «ферзь» (1 дана) 9 ұпай, «патша» 20 ұпай тұратын керемет есеп). «Торлы» есептердің бағасы ойын барысында өзгеріп отырады. Ойын басында әр «торлы» есеп 5 ұпай тұрады. Егер қандай да бір есепті 1 немесе 2 команда шешсе бұл есептің бағасы 5 ұпай; егер  3 немесе 4 команда шешсе, 4 ұпай; егер 5,6,7 немесе 8 команда шешсе 3 ұпай; егер де 8 командадан көп болса, 2 ұпай (егер есептердің бағасы түссе, ол барлық командалар үшін де болады (!), есепті тапырғандар үшін де, тапсырмағандар үшін де бірдей. Яғни  «торлы» есептерді дұрыс шешу арқылы, сіздер өз ұпай сандарыңызды көтеріп қана қоймай, бұл есепті шешіп қойған қарсыластарыңыздың ұпай санын азайтасыздар). Егер де командалар «патшаны» тапсырса (әрине қандай да бір «тормен» фигурамен), онда екі дұрыс жауап үшін команда 20 ұпай алады («торлы» есептің бағасына қарамастан); егер де бір есеп дұрыс шешілмесе  команда 0 ұпай алады.

Ойынның аяқталуы. Ойын жарыс басталар алдында айтылған белгілі бір уақыттан кейін аяқталады. Сол сияқты барлық есепті шығарып болған команда үшін де ойын аяқталады.


 

Екінші күннің ойындары

 

«Күресумен іздеу, табу мен берілмеу» ойынының ережелері («Екі капитан»)

 

1. «Күресумен іздеу, табу мен берілмеу» ойынының ережелері («Екі капитан»)– бұл тапсырмаларды шешетін топтық ойын-жарысы. Барлық тапсырмалар барлық топтарға бірдей уақытта беріледі. Онда ең көп ұпай санын жинаған топ жеңіске жетеді.

2. Ойын бір жарым сағатішінде жүргізіледі.

3. Ойынның басында топтарға барлық тапсырмалар жиынтығы беріледі (барлығы – 20-25, нақты саны топтарға ойынның алдында жарияланады).

4. Тапсырмаларды шешкені үшін ұпай есептеудің екі формасы бар.

5.Ұпай есептеудің бірінші формасы – тапсырылған уақытты ескере отырып берілген дұрыс жауап үшін. Әр 20 минут сайын тапсырма құны 1 ұпайға төмендейді. Әр тапсырманың бастапқы құны – 5 ұпай.

6. Тапсырмаға ұпай берудің екінші формасы–тапсырманы аз топ шешкен жағдайда әр тапсырма үшін ұпай саны 2 еселенетін бонус беріледі.

7. Әр тапсырма үшін топтар жауапты тек бір  рет қана бере алады.

8. Ойын топ үшін тапсырмаға берілген уақыт аяқталғанда немесе барлық тапсырманы шешкен жағдайда аяқталады.

9. Ойынның қорытындысында жинаған ұпай санының кемуі бойынша топтар орындарға ие болады.Ұпай саны тең болса, топтар бір орынды бөліседі.

 

 

«Математикалық шынжыр» ойынының ережесі

 

1. «Математикалық шынжыр» – бұл есеп шығарудағы командалық ойын-жарыс.  Қай команданың неғұрлым ұпайы көп болса, сол команда жеңімпаз болады.

2. Тапсырмалар жүргізушіде болады, бұл ойын 4 блоктан және әрбір блокта 6 тапсырмалардан тұрады. Әрбір 20 минуттан соң, командағы тағы бір блоктың тапсырмалары берілд, яғни, бірінші блок тапсырмаларын ойынның басында беріледі, екіншісі ойын басталғаннан 20 минуттан соң, үшіншісі – ойын басталғаннан 40 минуттан соң, төртіншісі - ойын басталғаннан 1 сағаттан кейін беріледі. 

3. Тапсырмалар барлық команда мүшелерімен шығарылады.  Егер команда тапсырманың жауабы дұрыс деп есептесе, онда тапсырманың жауабын әділқазы мүшелеріне тапсырады. Егер жауаптары дұрыс болса, онда командаға үш ұпай беріледі, әйтпесе командадан бір ұпай алындады.  Бұл тапсырманы қайта тапсыруға болмайды.

4. Команда тапсырмаларды орындамауғада болды, бірақ ешқандай ұпай берілмейді және ұпайларын алынбайды.

5. Әрбір блок тапсырмасы берілген соң 40 минут ішінде қабылданады.Яғни, 40 минуттан соң бірінші блок тапсырмаларының жауабын қабылданылмайды. Бір сағаттан соң екінші блоктың тапсырмаларын тапсыру тоқтатылады. 1 сағат 20 минуттан соң үшінші блоктың тапсырмаларын тапсыру тоқтатылады, ал 1 сағат 40 минуттан  соң төртінші блоктың тапсырмаларын тапсыру тоқтатылады және ойын аяқталады. 

5. Сонымен қатар, егер командаға барлық тапсырмалары таратылып және жауабын тапсырған соң, сол команданың ойыны уақыттан бұрын аяқталады. 

6. Ойынның нәтижесі бойынша командаларының алған ұпайдың кемуіне қарай орын алады. Егер ұпайлары тең болса, онда бірдей орын алады.

өткен турнирлердің материалдары:

кіші лига:


жоғары лига: