search
+7 747 094 95 96

г. Алматы, ул. Абиша Кекилбайулы 129/4

г. Алматы, мкр-н Нур Алатау, ул. 13, дом 140

Schedule of work: MON-FRI 8:30 - 17:00

pic
Каупынбаев Д.Т., ТАМОС мектебi Бақылау Кеңесінің Төрағасының хаты.
pic


Құрметті ата-аналар! Ең алдымен, Сіздердің хаттарыңыз үшін алғыс айтамыз. Біздің мектепке әрбір ата-ана мен баланың пікірін білу маңызды.

Коронавирус пандемиясына байланысты жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі жұмысты уақытша тоқтатуға мәжбүр болды, бұл бәрімізге де, әсіресе қаржылық жағдайға әсер етті. Бұл дағдарыс шағын және орта бизнесі бар біздің көптеген ата-аналарымыз бен бизнес өкілдеріне аса ауыр уақыт болды.

Тағы да айта кететініміз, жеке білім беру ұйымдары да қиын жағдайда қалды. Мектеп 500-ден астам адам үшін тікелей және жанама жұмыс беруші болғандықтан, біздің алдымызда олардың жұмыс орындарын сақтап қалу, білікті персоналды ұстау, сондай-ақ мектеп инфрақұрылымын тиісті тәртіпте камту, қаржы институттары алдында міндеттемелерді орындау маңызды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымыздың тиісті білім деңгейін қамтамасыз ету үшін жаңа әдістер мен технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша өз қызметін жалғастыруда.

Карантиннің алғашқы күнінен бастап біз балалардың білім алуына оқшаулау жағдайында зардап шекпеу үшін бірқатар шаралар қабылдадық. Мысалы, мектеп тарапынан 34 заманауи бейнекамералар сатып алынды, бірнеше студиямен келісім-шарттар жасалды, ал операторлар мұғалімдермен бірге қашықтықтан білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін 1380-нен астам бейне сабақ дайындауда. Мектеп бұл бағыттағы жұмысты күндізгі оқытудың болашағы зор балама деп санайды. Қазіргі уақытта өз тұғырнамасын ұйымдастыру, контентті өндіру және сатып алу, ұзақ мерзімді перспективада қашықтықтан білім беруге инвестициялау үшін жетекші компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Дегенмен, біздің ата-аналарымыз кезіккен барлық жағдайлар мен қиындықтарды ескере отырып, біздің ұзақ мерзімді қарым-қатынастарымызды және ауыр уақытта өзара қолдаудың маңыздылығын ескере отырып, мектептің Бақылау кеңесі 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап карантин мен қашықтықтан оқытуды аяқтағанға дейін берілетін жеңілдіктер мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылдады:

● Мектеп алды және физика-математикалық және лингвистикалық бағыттағы бастауыш буын оқушылары үшін (1-4 сыныптар): 50 % жеңілдік;

● физика-математикалық және лингвистикалық бағыттағы орта және жоғары буын оқушылары үшін (5-11 сыныптар): 40 % жеңілдік;

● Cambridge халықаралық бағдарламасының барлық оқушылары үшін: 40 % жеңілдік;

Біз, қиын кезеңді аяқтап, жақында қалыпты бұрынғы өмірге біз қайта ораламыз деп сенеміз. Ең бастысы мұндай сынақтарда - ұйымшылдық пен төзімділік, игілік пен оптимизм деп білеміз.

Сізге және сіздің туыстарыңызға денсаулық, жақсылық және амандық тілейміз.

Д.Т. Қаупынбаев

Бақылау Кеңесінің Төрағасы