Шолу
Кембридж
«TAMOS Education Cambridge English» бағдарламасының негізінде жатқан философия қазақстандық студенттерге білім алу жолын балабақшадан бастауыш және орта мектепке дейін өтіп, бүкіл әлем бойынша халықаралық университеттерге түсуге мүмкіндік беруде тұр. Кембридж білім студенттерді оқуға деген құмарлықтары мен қызығушылылықтарын дамытып, дербес өмірге дайындайды. «TAMOS Education» Қазақстан мәдениетіне негізделген, оның ерекшеліктері мен салт-дәстүрін құрметтейтін, біріккен серіктестікпен жұмыс істейтін Кембридж оқу бағдарламасын ұсынады. Кембридж білімі біздің студенттерге жаңа қырларын ашып, өрісін кеңейтіп, әлемді түсінуіне көмектеседі. Кембридж студенттері мектепте, университетте, жұмыста қажет дағдыларды дамытады, олар халықаралық ортаның азаматтарына айналады.
Кембридж халықаралық біліктілігі студенттерге оқу мен мансапқа кең көлемді мүмкіндіктер бере отырып, әлемнің үздік университеттері және жұмыс берушілерімен мойындалған. «TAMOS Education» барлық күші мен ресурстарын оқушылардың мүмкіндігін ашуға көмектесетін жоғары сапалы білім беруге бағыттайды.
Кембридж бағдарламалары оқу мен болашақта жұмыс істеу үшін дағдыларды дамыту мен пәндерді меңгеруге бағытталған. Біз терең, егжей-тегжейлі пәндерді, сондай-ақ студенттерге пәндердің түрлі аспектілері арасында байланыс табуға көмектесетін концептуалды түсінікті бағалаймыз. Сонымен қатар, біз студенттердің ойлаудың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға мадақтаймыз –мәселелерді шешу, сыни ойлау, тәуелсіз зерттеу, серіктестік пен дәлелдерді ұсыну. Осы сияқты дағдылар студенттерге өмір бойында қажет болады және оқуды жағымды әрі пайдалы етеді.