Мектеп формасы
Құрметті ата-аналар!
2018 жылдың қыркүйегінен бастап Tamos Education мектептерінде міндетті мектеп формасы енгізіледі.
Күнделікті форма кию оқушының сабаққа деген жауапкершілігі мен байыптылығына оң әсерін береді. Біріншіден, ол өзінің сыртқы келбетіне алаңдамай, басқа құрдастарының артынан сән қумайды. Екіншіден, әсемденуге уақыт жоғалтпайды. Қатаң форма киген оқушы назарын оқу мен нәтижеге жетуге бағыттайды.
Мектеп формасы қаржылық қамтамасыздықтың тепе-теңдігін бұзбайды. Оқушы мен оның сыныптастарының өмірінде киімге деген талғам мен сәнге байланысты қайшылықтар жоғалады. Осы негіздегі даулы жағдайлар мектеп формасын кию кезінде жоғалатын болады.
Мектеп формасы қаржы жағынан да тиімді. Мектеп формасына жұмсалған қаражат басқа күнделікті киімдерге жұмсалатын қаражаттан бәрібір біршама төмен болады.
Тамос мектеп формасын қабылдайды?