• RU
  • EN
  • KZ
  • Жарғы

    ТАMOSEducation мектебінің жарғысы

    TAMOS Education- бұл Қазақстан аумағында жылдар бойы білім беру қызметтерін көрсететін дамушы мектеп. Басында оқу қазақ ұлттық оқу бағдарламалары бойынша ғана жүргізілді, кейін TAMOS Education басшылығымен студенттерді халықаралық тәжірибе, оқытушылар мен білім беру әдістерімен таныстыру мақсатында жоғары білікті Филиппин оқытушыларын жұмылдырып, ағылшын тілінде математика, ағылшын, жаратылыстану мен гуманитарлық курстары енгізілді.

    Қазіргі уақытта TAMOS Education ағылшын тілінде сөйлеушілер қызмет ететін, ағылшын тілінде қосымша білім беретін тілдік мектеп болып табылады. Бұл оқытушылар – Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ пен Канаданың тумалары. Біздің бағдарлама сәтті әрі танымал болып табылады.

    Енді TAMOS Education тек қана халықаралық деңгейдегі курстарды ғана ұсынбай, шынымен «халықаралық мектеп» мәртебесіне көшіп, өз дамуында келесі қадам жасайтын уақыт та жетті. Бұл қадамның мақсаты – қазақстандық және шетелдік студенттерге ерте жастан, бастауыш пен орта мектептен 11 сыныпқа дейін және біздің жаңа 12 сыныпқа дейін, Ұлыбритания, Еуропа мен АҚШ халықаралық университеттеріне түсіп, оқуға дайындалуға көмектесетін халықаралық білім ортасын құру.

    TAMOS Education басты міндеті – өмір бойы белсенді оқушы болатын студенттерді түлету. Біз өз студенттерімізді әлем бірлестігінің үлгілі мүшесі болуына мүмкіндік беретін мақсаты айқын, ашық, интеллектуал әрі тәртіпті азаматтармен серіктестікке әрдайым дайын болуға үйретеміз. Біздің студенттер – өмір бойы білім алып, оны білімі, серіктестік пен рақымшылдық арқылы бірлестіктің жан-жақтылығын көрсететін, қазақ пен әлем қоғамына инновацияны қолданып, өз үлестерін қосатын адал оқушылар.

    Біз студенттерімізге халықаралық оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, ынталы әрі тәрбиелі оқу ортасында академиялық үстемдік пен жаһандық азаматтық жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береміз.

    Мектеп Философиясы

    Әр студент қауіпсіз және тиімді ортада білім алуға құқылы. Әр бала бірегей талант пен дағдыға ие, өз мүмкіндіктеріне сай қайталанбай өз жеке режимінде білім алады.

    Әр балада шексіз потенциал бар және біз әр баланы өз жеке таланттарын зерттеуге ынталандырамыз, себебі оны анықтауға біз септігімізді тигіземіз.

    Оқуды таным мен сындарлы үрдістер арқылы иеленеді. Біздің халықаралық оқу бағдарламаларымыз барлық деңгейлі кешендік оқу тәжірибелеріне бағытталған. TAMOS Education студенттерге бағытталған және студенттер, оқытушылар, ата-аналар мен одан да ширек бірлестіктер арасындағы жеке оқыту стильдері мен серіктестікке аса мән береміз.

    Біздің бірегей бірлестігіміздің әр мүшесінің абыройы мен құндылығын мойындай отыра, біз бір-біріміздің, қоғамымыз, еліміз және әлемдік жаһандық бірлестіктің басқа мүшелерінің алдында өзара жауапкершіліктің маңыздылығын түсінеміз.

    Біз барлығына адамгершілік, мейірімділік пен кеңпейілділік, сабырлық пен адалдықпен қараймыз, оларды мәжбүрлеуге немесе бұйыруға келмейді, алайда оны түзетіп, зерттеп тануға болады.

    Біз оқу бірлестігімізді ашық, этикалық түрде басқарып, барлық студенттеріміз, ата-аналары, қызметкерлер, оқытушылар мен қызығушы жақтарға қосымша қызметтер көрсетіп, ішкі және сырты қызығушы тараптармен ұзақ мерзімді, өзара тиімді серіктестік қатынастар құруға тырысамыз.Жеке және ұйымдық жетістіктерде белгіленетін басқа ұлттық, жергілікті және халықаралық мекемелермен байланыс орнатады. Барлық мақсаттарымызға үздіксіз оқу ортасын құрудан ғанибет алу идеясы, инновациялар мен шығармашылыққа себептесу және оқу үрдісінен рахатқа бөлену жатады.

    Тәрбиелік мәндері

    TAMOS Education келесі басты алты принципке сенеді:

    * Көшбасшылық: басшылығымыздың көшбасшылығы студенттеріміздің, клиенттеріміз бен Әлемдік білім берудің барлық салаларындағы қызметкерлеріміздің ұдайы дамуына септігін тигізеді.

    * Қызметтерді жетілдіру: TAMOS Education жоғары деңгейлі білім беру қызметтері мен академиялық кемелділікті қамтамасыз етуге ұмтылады.

    * Адалдық : TAMOS Education адалдық, әділеттілік, этникалық тәжірибелердің түрлілігінде теңдікке ұмтылады.

    *Серіктестік: біз ата-аналар, білім беру бірлестіктері, өнеркәсіптер мен қоғаммен серіктестік қатынас орнату жеке және кәсіби өсуде жетістікке жетудің үздік әдісі деп есептейміз.

    * Мойындау: біз қызметкерлер, студенттер мен қызығушы жақтардың жетістігін мойындап, инновацияны ынталандыратын ахуал мен орта құрамыз.

    * Дәстүр: студенттер халықаралық әлемге өз дәстүрі мен мәдениетін қоса алады деген ойдамыз.

    Біздің міндеттер:

    TAMOS Education заманауи халықаралық оқу бағдарламалар формасы, оқытудың жаңа стратегиялары, жоғары біліктілік факультеттері, заманауи оқу мекемелері мен студенттер өз потенциалдарын барынша жүзеге асыра алатын ортада білім берудің жоғары сапасымен қамтамасыз етуге тырысады. Біз оған бар күшімізді жұмсаймыз.

    Өзінің мықты академиялық әрі шығармашылық болмысын көрсетуге ерекше көңіл бөліп, ұлттық және халықаралық жоғары мектептер мен университеттерге түсуді жеңілдететін халықаралық оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етеді.

    Білікті, тәжірибелі, үйренуге бейім және жоғары кәсіби оқытушыларды жалдау, ұстау және оқыту, оларды жоғары деңгейде сақтау, жетістіктерге жету мен ұдайы кәсіби дамуы арқылы жетілуіне септігін тигізеді.

    Тәртіптің жоғары стандартын сақтау, біздің халықаралық бірлестіктің барлық мүшелерінің өзара қамқор, түсіністікпен қарап, құрмет пен қолдау көрсетуін дамыту.

    Жергілікті бірлестік ішінде және одан тыс ұғынысу, ризашылдық білдіру және түрлі мәдениеттер мен этникалық тектерге құрмет көрсетуді дамыту.

    * Студенттерді өмір бойы білім алуға дайындау және оларды тез өзгергіщ әлемде батыл бақталастыққа мүмкіндік беретін, бейімделуге қажет дағды мен қабілеттермен жарақтау.

    Студенттердің қарым-қатынас пен замануи жаһандық бірлестіктер төңірегінде әрекет етуге өзіне сенімді болуға, өзіндік тәртіп пен жоғары этникалық стандарттарына көмектесу.

    Студенттердің білім алып, қатыгездікпен қарау, кемсіту, бөлектету немесе кері әсер етуден қорықпайтын қауіпсіз және қорғалатын орта құру.

    ТАМОS Education болашақ стратегиясы

    Біздің болашақ стратегиямыздың өзегі жоғары сапалы әрі Қазақстан Республикасының бастауыш және орта білім беру стандарттарының мемлекеттік тұжырымдылық негіздерінің талаптарына сәйкес халықаралық білім берудің қол жетімдігін қамтамасыз ететін толық қанды білім ортасын қалыптастыру.

    Орыс тілі мен қазақ тілінде сенімді білім берумен қамтамасыз етумен қатар, біздің мақсатымыз – балабақшадан бастап, бастауыш пен орта мектеп арқылы халықаралық университеттерге түсуге қазақстандық студенттерді тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету.

    TAMOS Education 3-5-жылдық стратегиялық жоспарында болашақ мақсаттарға жетуге қажет қадамдар толық суреттелген. Біздің басты мақсат – мектепті көтеру және халықаралық дәрежеге ие болу. Біздің басқа стратегиялық мақсаттарымызға келесілер жатады:

    Кембридж халықаралық дәрежесі

    Кембриджде ағылшын тілінің дәрежесі

    Кітапхана, ресурс орталығы мен IT-жабдықтауды жақсарту.

    Оқытушыларды дайындау және бағалау

    Оқушыларға бағытталған оқытудың әдістерін енгізу

    Басқа халықаралық мектептер мен бірлестіктерге шығу

    COBIS және СIS сияқты халықаралық басқарма бірлестіктеріне қосылу.

    Біздің басқармадағы ашықтық.

    Нақты анықталған мектеп саясаты

    Өрлеуді және студенттердің ілгерілеуін бақылаудың нақты әдістерін енгізу.

    Басқарушылық шешімдерді қабылдауға ата-аналар мен оқушылардың белсенді қатыстыру.

    Жыл сайын қарастырылатын стратегиялық мақсаттар TAMOS білім беру бірлестігін болашақта табысты халықаралық мектеп ретінде келесі қадамдарын анықтайды.

    ТАМОС жылдық оқу стратегиясы

    2019-2020 оқу жылындағы оқиғалардың дамуының басқару процесстерін бағалау, саясат және мектеп жүйесі, оларды жетілдіру, мектепті халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін жаңа заманауи саясаттарды енгізу кіреді.

    Халықаралық Кембридж стандарттары негізінде бастауыш пен орта мектепте ағылшын тілі кафедрасын, мектептің жоғары сыныптарын болашақта жүргізілетін IGCSE және A level дайындықты енгізеді.

    Студенттерге өз ағылшын тілін жақсарту үшін мойындатылған халықаралық ағылшын біліктілігін алып, қызметкерлерге кәсіби дамуына көптеген мүмкіндіктер туғызып, Cambridge English Assessment status дәрежесіне ие болып, ол біліктіліктерді қызметкерлер мен студенттерген ұсынуға мүмкіндігін береді.

    Біздің оқу әдістеріміз бен оларды бағалауда студенттерге бағытталған әдістерді енгізеді, сондай-ақ білім беру сапасын бақылау және білім беру жүйесін дамытуға мүмкіндіктер беру мақсатында оқытушылардың біліктілігін бағалау жүйесін енгізеді.

    Тамос білім беру мектебі 2020©
    Барлық құқықтар қорғалған.

                    

    Dreamworks веб-сайтын жасау

    X

    Қоңырауға тапсырыс беру

    мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біздің менеджер сізбен жақын арада байланысады.

    Аты*

    Тегі*

    Электрондық пошта*

    Телефон*

    Азаматтық*

    Бала есімі*

    Туған жылы*

    X

    Тут ФИО человека

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Quis ipsum suspendisse ultrices gravida. Risus commodo viverra maecenas accumsan lacus vel facilisis. Quis ipsum suspendisse ultrices gravida.

    X
    Бастауыш Физика-Математикалық Мектебі
    Абиша Кекілбайұлы көшесі, 129/4.
    «Тамосик» балабақшасы
    Мкр-н Нұр Алатау, 13-үй, 14-ғимарат
    Бағанашылдағы Жаңа мектеп
    Мкр-н Нұр Алатау, 13-үй, 14-ғимарат