Кембридж оқу бағдарламасы
Кембридж халықаралық оқу бағдарламасы білім берудің жаһандық стандарттарын орнатады, оны әлемде университеттер мен жұмыс берушілер мойындаған. Біздің оқу бағдарламаларымыз икемді, күрделі және жігерлендіргіш, мәдени толерантты, сондай-ақ халықаралық болып табылады. Кембридж студенттері саналы әуестік пен оқуға деген құштарлықты дамытады. Сонымен бірге олар университетте және өзінің болашақ мансабына қажетті дағдыларға ие болады.
Халықаралық оқу жоспары дегеніміз не?
- 160 аса мемлекеттерде 10 000 астам мектептер Кембридж халықаралық оқу жоспарын қолданады
- Оқу жоспары философия мен әдістемелер бойынша халықаралық болып, жергілікті жағдайларға қарай икемделуі мүмкін.
- Кембридж студенттері әлемде қабылданған және мойындалған Кембридж халықаралық біліктілігі бойынша оқиды.
- Мектептер, сондай-ақ Кембридж Халықаралық оқу бағдарламасын ұлттық оқу бағдарламаларымен бірге қолдана алады.
- Бір Кембридж мектебінен басқасына көшкен Кембридж оқушылары сол бағдарлама бойынша оқуларын жалғастыра алады.
«Cambridge Pathway» оқушыларының мектепте, университетте және одан тыс өздеріне қажетті білім мен дағдыларға ие болу мүмкіндігі бар.