21-23 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ТАРА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕП МӘРТЕБЕСІН АЛУ СЫНАҒЫНАН ӨТТІ
TAMOS білім беру ұйымы TAMOS отбасына 21-23 сәуір аралығында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (АРТА) біздің халықаралық мектеп ретіндегі деңгейіміз бен мәртебемізді тексеру үшін тексеріс жүргізгенін қуана хабарлайды. COVID шектеулеріне байланысты бұл қашықтықтан онлайн жүргізілген алғашқы халықаралық инспекция болды. Қашықтықтан тексерудің қиыншылығына қарамастан, тесеруші тарап мектебіміздің әр түрлі бөлімдерінің директорлары мен мектеп акционерлерімен сұхбаттар өткізді. Мектеп қамқоршысы Пол Коллиер-Вудстан, мектеп акционерлерінің өкілі Омаров М.С., қазақ бөлімінің директоры Кулиева Ж.Ш., орыс бөлімінің директоры Шаповалова Л.Н., бастауыш физика-математикалық мектептің директоры Ибраимов Р.Р. сияқты өкілдерден арнайы сұхбат алынды.
Тесеруші комиссия біздің мектептің саясатын, балаларды қорғау жүйелерін, денсаулық пен қауіпсіздік саясатын, оқу бағдарламаларын, сабақ жоспарларын, оқыту әдістерін, біліктілікті арттыру, қаржы және басқару жүйелерін мұқият қадағалады. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді. Сыныптарға онлайн Zoom платформасы арқылы өтетін сабақтарға Қазақстан мен Англияның инспекторлары қосылды.
Тексеру соңында комиссияның қорытынды нәтижесі өте позитивті болды. Инспекторлар біздің оқушыларымыз мектеп үшін керемет елшілер болғанын айтты. Біздің оқытушылар комиссия қызметкерлеріне кездескен ең жағымды және ынта-жігерлі мұғалімдер ретінде мақтау сөз естіді. Олар бізді жақсы ресурстармен қамтамасыз етілді деп ойлады; мектептің орналасқан жері өте қолайлы және біздің даму жоспарымыз бен бағалау жүйеміз өте жақсы деген бағаға ие болды.
Инспекциялық топ мектеп туралы толық және мұқият есептерін жазып оны мамыр айында Қазақстан үкіметіне бізді қазақстандық білім беру бөлімінің «толық халықаралық мәртебесі» ие болу туралы шешімдерін қабылдайды.
Мектептің қамқоршысы Пол Кольер-Вудс мырза: «Инспекторлар біздің мектептің жұмыс тәжірибесі туралы өте жағымды пікір білдірді, және мен қазір нақты айта алмаймын, өйткені біз олардың есебін мамыр айында күтуіміз керек, бірақ мен өз мақсатымызға, халықаралық мәртебеге жететінімізге сенімдімін. Осы ұжымдық жұмыстың барлық қатысушыларына алғыс айтқым келеді, себебі барлығы осы тексеруден лайықты өту үшін үйлесімді жұмыс істеді»
Тексеру нәтижелері мен шолулары біз оларды алғаннан кейін біздің веб-сайтта, аккаунттарда және әлеуметтік желілерде жарияланады. Бізге сәттілік тілеймін…